Ұлы Жеңістің 80 жылдығына арналған әскери парад: Фоторепортаж

Фото: Informburo.kz
Фото: Informburo.kz
Парадқа Қазақстан Қарулы күштерінің барлық түрінен 4 мыңнан аса әскери қызметкер қатысты.

Бүгін Астанадағы "Қазақ елі" алаңында Ұлы Жеңістің 80 жылдығына арналған әскери парад өтті.

Informburo.kz салтанатты шарадан арнайы фоторепортаж ұсынады.

Фото: informburo.kz

Әскери парадты Қазақстан Республикасы қарулы күштері құрлық әскерлерінің бас қолбасшысы генерал-майор Мереке Көшекбаев басқарды.

Фото: informburo.kz

Мемлекеттік туды және Жеңіс туын алаңға Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметінің ту ұстаушылар тобы алып келді.

Фото: Informburo.kz

Жеңістің Қызыл туы – осыдан 80 жыл бұрын әйгілі отандасымыз Рақымжан Қошқарбаев пен оның майдандасы Григорий Булатов Рейхстагқа тіккен тудың көшірмесі.

Фото: Ақорда

Мемлекет басшысы – Қазақстан қарулы күштері жоғарғы бас қолбасшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлы Жеңістің 80 жылдығына арналған әскери парадта сөз сөйледі. Президент сөзінде сұрапыл соғыс жылдарындағы отандастардың ерлігін атап өтіп, соғыс бейбітшіліктің баға жетпес байлық екенін ұғындырғанын айтты. 

"Биыл Ұлы Жеңіске – 80 жыл! Баршаңызға Ұлы Жеңіс күні құтты болсын! Бұл мейрам – халқымыздың жауынгерлік рухының символы. Біз елдік үшін күрескен батыр бабаларды ұлықтаймыз. Отан қорғау жолында опат болған боздақтарға тағзым етеміз. Бейбіт күнді қырағы күзетіп тұрған сарбаздарға құрмет көрсетеміз. Ұлы Отан соғысы бүкіл адамзат үшін өте қиын сынақ болды. Оның зардабы көптеген елге ауыр тиді, солардың ішінде Қазақстан да бар. Қаһарлы күндер соғыстың тек қасірет әкелетінін көрсетті. Бейбітшіліктің баға жетпес байлық екенін ұғындырды. Ұлы Жеңіс – тарихымыздың ажырамас бөлігі және күллі әлем үшін үлкен сабақ", – деді президент. 

Фото: informburo.kz

Парадқа Қазақстан Қарулы күштерінің барлық түрінен 4 мыңнан аса әскери қызметкер қатысты.

Фото: informburo.kz
Фото: informburo.kz
Фото: informburo.kz
Фото: informburo.kz
Фото: informburo.kz
Фото: informburo.kz

Сондай-ақ арнайы 200-ден аса әскери қару-жарақ пен техника, 66 әскери авиация ұшағы мен тікұшақ әкелінген.

Фото: informburo.kz

Cоғыс кезінде ең көп шығарылған әрі аса танымал болған Т-34 танкі.

Фото: informburo.kz

Парад барысында Ұлттық ұланның заманауи бронды техникасының 13 бірлігі көрсетілді. Олардың қатарында "Барыс" 6×6, "Алан-2", сондай-ақ жауынгерлік қорғаныс деңгейі жоғары "Cobra II" броньды машиналары болды.

Фото: informburo.kz

Алғаш рет механикаландырылған колонналардың сапын "Бук", "Тор" зенитті-ракета кешендері, "Барыс", "Алан", "Айбар", "Таймас", "Террекс" дөңгелекті ұрыс машиналары, минаны залалсыздандыратын роботтары бар арнаулы автокөліктер толықтырып отыр.

Бұдан бөлек, қауіпті аймақтар арқылы 17 адамға дейінгі жеке құрамды тасымалдауға қабілетті "Урал ВВ" арнайы машинасы да ұсынылды.

Фото: informburo.kz
Фото: informburo.kz

Сонымен қатар отандық қорғаныс өнеркәсібі кешенінің кәсіпорындары шығаруды жоспарлап отырған ұрыс машиналары, роботтандырылған қайық және ұшқышсыз басқарылатын ұшу қондырғылары таныстырылды.

Фото: Informburo.kz
Фото: Informburo.kz

Әуе кеңістігінен А-400 әскери-көлік ұшағы, L-410 жолаушылар ұшағы және Би-300 патруль ұшағы ұшып өтті.

Фото: Informburo.kz

Ұлы Жеңістің 80 жылдығына арналған әскери парадқа ел өңірлерінен алты соғыс ардагері келіп қатысты.

Фото: Informburo.kz

Мерекеде майдангерлерге ерекше құрмет көрсетілді.

Фото: Informburo.kz

Сондай-ақ парадқа құрметті қонақ ретінде халық қаһармандары, соғыс батырларының ұрпақтары мен қазақстандық ғарышкерлер шақырылған. Атап айтқанда, Мұхтар Алтынбаев, Сәт Тоқпақбаев, Бақытжан Ертаев, Қайрат Үмбетов, Азамат Жұмаділов сынды халық қаһармандары, соғыс батыры Сағадат Нұрмағамбетовтың қызы Айсұлу Нұрмағамбетова, Иван Панфиловтың немересі Алуа Байқадамова, сонымен қатар қазақстандық ғарышкерлер Тоқтар Әубәкіров, Талғат Мұсабаев және Айдын Айымбетов әскери парадты тамашалады.

Фото: Ақорда

Салтанатты іс-шараға Қазақстанға мемлекеттік сапармен келген Вьетнам коммунистік партиясы орталық комитетінің бас хатшысы То Лам қатысты.

Фото: Informburo.kz

Әскери шеру сағат 10.45-тен бастап елордада және барлық облыс орталығында LED-экрандар мен республикалық телеарналардан, сондай-ақ Facebook, YouTube, Telegram әлеуметтік желілеріндегі Ақорданың ресми парақшаларынан тікелей эфирде көрсетілді. 

Серіктестер жаңалықтары

OSZAR »